Қазақстан ұлттық құрамасының және “Астана” клубының негізгі қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Қазақ футболын ылғи сынға алатын аралас жекпе-жек (MMA) шебері Қуат Хамитовты көкпармен күш сынасуға шақырды.
“SD Family Almaty” директоры Артур Асқарұлының “Футбол жайлы көп айтатын Хамитовқа не айтасыз?” деген сұрағына Сейсен былай деп жауап берді.
“Мен футболшы ал ол төбелеседі. Мен оған барсам, ол маған келсе, түсінікті бір-бірімізді өз саламызда алып қоямыз. Ол қазақ, біздің Қазақ ағамыз. Бізде Қазақтың ұлттық спорты бар, ол көкпар. Сондықтан мен ол ағамды көкпарға шақырамын. Біргe-бір.”
Қуат Хамитов соңғы жылдары қазақ футболының жағдайына жиі тоқталып жүр. Ол ұлттық құраманың және жергілікті клубтардың ойынын ашық сынға алып, ойын сапасын арттыру мен қаржының әділ бөлінуі туралы жиі айтады.
Хамитовтың пікірінше, футболға көп қаржы бөлінгенімен, нәтиже көңіл көншітпейді. Ол ойыншылардың жауапкершілігі мен еңбекақысы арасында үлкен айырмашылық бар екенін айтып, “футболшылар миллион алады, бірақ нәтиже жоқ” деген пікір білдірген.
Сонымен қатар Қуат Хамитов жастар спортына, әсіресе балалар футболына көбірек көңіл бөлу керек екенін айтады. Оның ойынша, тек шетелдік мамандарға сеніп отыру — мәселені шешпейді, бастысы — ниет пен тәртіп.
Біздің серіктес: FONBET