Қазақстан ұлттық құрамасының қос жұлдызы — Нұралы Әліп пен Бахтиер Зайнутдиновтың жоспарланған кездесуі өтпей қалды. Мәскеулік "Динамо" сапында өнер көрсететін Зайнутдинов шұғыл түрде Сербияға аттанған, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл туралы "Зенит” қорғаушысы Нұралы Әліп Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Нұралы Әліптің айтуынша, ол Бахтиермен ойын аяқталған соң ғана байланысқа шыққан. Алайда, бұл уақытта Зайнутдинов кетуге дайындалып жатқан көрінеді.
"Ойын алдында сөйлескен жоқпыз, матчтан кейін хабарластым. Ол қазір Сербияға емделуге ұшып бара жатыр екен. Негізі ойыннан соң кездесуіміз керек еді, бірақ, өкінішке қарай, мен хабарласқанда ол әуежайға барар жолда болды.” — деді Әліп.
Бахтиердің не себепті дәл Сербияны таңдағаны белгілі. Бұл ел спорттық медицина мен оңалту орталықтарымен, әсіресе футболшылардың жарақатын емдеудегі бірегей әдістерімен танымал.
Біздің серіктес: FONBET