Жарнама
Жарнама

Ұлттық құрама ойыншысы “Ертіске” ауысуға жақын

Бүгін, 17:30

Шымкенттік “Ордабасының” ойыншысы әрі Ұлттық құраманың жас таланты Мұроджон Халматов мансабын Павлоларда жалғастыруы әбден мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Павлодарлық “Ертіс” клубы Шымкенттіктердің шеберлерінің бірін өз жағына шығару үшін ресми келіссөздерді бастап кеткен. Дәл қазіргі уақытта екі жақ трансфердің егжей-тегжейін белсенді түрде талқылау үстінде.

Мұроджон Халматов 2003 жылы 20 шілдеде Түркістан облысы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 

Халматовтың Шымкенттік “Ордабасы” клубының төл тәрбиеленушісі әрі 2021 жылдың шілде айынан бері осы команданың намысын үзіліссіз қорғап келеді. (“Тұран”, “Каспий” жалда ойнаған)

Қазіргі жүріп жатқан 2026 жылғы Қазақстан Премьер лигасында ол 11 матчқа қатысып, 1 маңызды гол соғып үлгерген.

Айта кету керек, футболшының “Ордабасымен” жасасқан қолданыстағы келісімшарты 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Демек, Павлодарлықтар оны өз сапына қосу үшін шымкенттік клубқа қомақты өтемақы төлеуі немесе тиімді шарттар ұсынуы тиіс.

Халматовтың алаң ортасындағы, әсіресе тірек жартылай қорғаушы позициясындағы сенімді ойыны Ұлттық құрама бапкерлерінің де назарынан тыс қалған жоқ. Жас дарын еліміздің бас командасына шақырту алып үлгерген. Ол тіпті Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Бельгия мен Солтүстік Македония құрамаларына қарсы деңгейі жоғары матчтарда бақ сынап, халықаралық үлкен тәжірибе жинақтады.

Transfermarkt порталы Мұроджон Халматовтың нарықтағы қазіргі нақты бағасын шамамен 400 мың еуроға (шамамен 200 миллион теңге) бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров