Әділет Садыбеков "Қайратта" қалады. "Ақтөбеге" ауысуы туралы қауесетке нүкте қойылды, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Әділет Сәдыбеков "Ақтөбеге» ауысады” деген ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. AlatauFans телеграм арнасының хабарлауынша, талантты жартылай қорғаушы Алматылық клубтың сапында қала береді.
Алматылық клуб басшылығы команда капитанына қатысты ұстанымын нақты білдірген көрінеді. Мәліметтерге сүйенсек, "Ақтөбе” тарапынан түскен қаржылық ұсыныс "Қайраттың” көңілінен шықпаған. Клуб басшылығы Сәдыбековтің команда үшін маңызы өте жоғары екенін алға тартып, негізгі ойыншыны төмен бағаға сатудан үзілді-кесілді бас тартып отыр.
Чемпиондар лигасы аясында “Брюггеге” қарсы ғаламат гол соққан 23 жасар Әділет “Қайрат” намысын 2021 жылдан бері қорғауда.
Біздің серіктес: FONBET