CONCACAF Алтын кубогының финалдық кездесуінде АҚШ құрамасына қарсы алаңға шыққан Мексиканың 16 жас 265 күндік жас ойыншысы Хильберто Мора Ламин Ямал мен аңыз ойыншы Пеленің рекордын жаңартып, ұлттық құрама деңгейінде финалда алаңға шыққан футбол тарихындағы ең жас ойыншы атанды.
Бүгін таңертең АҚШ пен Мексика құрамалары арасында CONCACAF Алтын кубогының шешуші матчы өтті.
Аталған ойында Мексика құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, тарихында 13-рет Алтын кубоктың иегері атанды. Мексика құрамасының голдарын Рауль Хименес пен Эдсон Альварес соқса, АҚШ құрамасынан жалғыз голды Крис Ричардс енгізді.
Біздің серіктес: FONBET