Ұлттық құраманың бұрынғы қақпашысы, Алмат Бекбаев Sports.kz порталына берген сұхбатында ұлттық құраманың болашақ бапкері туралы ойымен бөлісті.
“Егер біз Еуропа немесе әлем чемпионатының негізгі кезеңіне шығуды қаласақ, онда ұлттық құрамаға жергілікті бапкер келуі керек. Мысалы, Андрей Карпович жақсы нұсқа болар еді.” – дейді Бекбаев.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін сәтсіз өткізді, бес ойында бір ғана жеңіс.
Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін бас бапкер Али Алиев жұмыстан кету туралы шешім қабылдаған еді.
Бұл жағдайдан кейін жанкүйерлер де, сарапшылар да жаңа бапкердің кім болатынын қызу талқылауда. Бекбаевтың пікірінше, жергілікті маман ұлттық құраманың ойыншыларына психологиялық тұрғыдан да, тактикалық жағынан да жақынырақ болуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET