Ресейлік “Советский спорт” басылымы Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі нәтижелеріне талдау жасады.
“Құраманы басқаруға шақырған Станислав Черчесов Ұлттар лигасында сәтсіз рекорд орнатып, жанкүйерлер көңілін қалдырған еді. Оның жетекшілігінде команда 0:15 айырмашылығымен ұтылып, небәрі бір ғана ұпайға қол жеткізді. Бұл кезеңнен кейін маманның жұмыстан кетуі жанкүйерлер үшін жеңіл тыныс алғандай әсер қалдырды.
Оның орнына келген Қазақстандық маман Әли Әлиевтен жанкүйерлер ғажайып күтті. Көпшілігі оны “Қайратты” Чемпиондар лигасына шығарған Рафаэль Уразбахтинмен салыстырды. Бірақ шындық үмітті ақтамады.
Қазіргі құрам он жыл бұрынғыдан әлдеқайда мықты, бірақ Уэльс, Солтүстік Македония немесе Бельгия сияқты қарсыластармен тең дәрежеде ойнауға әлі қауқарсыз.” – деп жазады басылым.
Группа J аясында өткен бес турда Қазақстан бар болғаны үш ұпай жинады Соңғы сапар Бельгияға қарсы ауыр жеңіліспен аяқталды: 0:6. Бұл ойында Кевин Де Брюйне дубль жасап, ұлттық құрама тарихындағы екінші мерген атанып (34 гол), Эден Азарды басып озды.
Матчтан кейін қатты күйзеліске түскен Әлиев елге оралған соң жұмыстан кетуі мүмкін екенін меңзеді. Басылымның пікірінше ол “қателікті мойындап, өз еркімен кеткен дұрыс, өйткені ертеңгі күні қауесетке іліккеннен абыройлырақ.” – дейді.
Біздің серіктес: FONBET