Жарнама
Жарнама

Ұлттық құраманың тізгінін кім ұстайды? Бас бапкер лауазымына басты үміткер анықталды

30.12.2025, 17:23

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне негізгі үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұл орынға қазіргі уақытта команда тізгінін уақытша ұстап отырған Талғат Байсуфинов басты кандидат ретінде қарастырылып жатыр.

Ресми келіссөздер жақын арада басталады

Бұл туралы Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман өзінің YouTube арнасында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан футбол федерациясы басшылығы алдағы уақытта 57 жастағы маманмен кездесіп, болашақ ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.

"Қазіргі таңда Талғат Байсуфинов — бас бапкер лауазымына бірден-бір негізгі үміткер. Жақын арада федерация басшылығы онымен келіссөздер жүргізіп, нақты шешім қабылдайды деп күтілуде.” — деді Нұрсұлтан Құрман.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров