Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиевтің мәлімдемесінен кейін жанкүйерлердің басты сұрағы ұлттық құраманы кім тізгіндейді дегенге саяды.
Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай жеңілген соң Әли Әлиев қызметінен кетті. Ресейлік спорт журналисі Александр Троицкий бұл шешімді заңдылық деп бағалап, жаңа бапкердің шетелдік болатынын болжады.
Троицкийдің мәліметінше, негізгі үміткер қазір “Слован Братислава” клубының тізгінін ұстап жүрген “Қайраттың” бұрыңғы бапкері Словак маманы Владимир Вайсс. Ал екінші нұсқа ретінде бұрын “Астана” және Қазақстан құрамасын және жаттықтырған қазір Түркиялық “Гозтепенің” Болгариялық бапкері Станимир Стоиловтың есімі аталды.
"Не күттік, сол болды. Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін Әлиев кетті. Мен жазғандай, енді шетелдік маман күтеміз. Басымдық Вайссқа. Ал қосымша нұсқа Стоилов.” — деді Троицкий өзінің "АЗИЯ-СПОРТ" телеграм-арнасында.
Біздің серіктес: FONBET