Енді бірер күннен соң Қазақстан ұлттық құрамасы 2012 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы соңғы екі кездесуін өткізеді. 7 қазан Брюссельде Бельгия құрамасымен, ал 11 қазанда Астанада Австрия футболшыларымен теңбіл доп додасына түседі.
Ұлттық құрамамыз бүгіннен бастап жаттығу жиынын бастап, осы екі ойынға дайындалады. Қарсыластарымыз да қол қусырып отырған жоқ. Олар да әзірленіп жатыр. Австрия құрамасының сапы бұдан біраз күн бұрын жарияланса, Бельгия сапын жақында ғана жарыққа шығарды.
Әуелі Бельгиямен кездесеміз. Осыдан бір жыл бұрын, яғни 2010 жылғы 8 қазан да Бельгия құрамасын Астанада қабылдап, 0:2 есебімен ұтылып қалғанбыз. Бельгия оны ұмытсын ба? Тағы да жеңіске жетіп, «А» іріктеу тобында екінші орынды иемде ніп тұрған Түркияны басып озғысы келеді екен. Мұны қымсынбай, айтып та жүр. Дәл қазір түріктерде 14 ұпай да, Бельгияның олардан екі ұпайы кем (Екеуі де сегіз ойын өткізген). Ал біз 2008 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасында Бель гия құрамасымен екі рет тең түскенді гімізді ұмытпаймыз. Брюссельде 0:0 есебімен ұпай бөліссек, Алматыда 2:2 есебімен итжығыс түскенбіз. Әрі футбол шылары мыз Брюссельден тағы да олжалы қайтса дей міз. Үміт сәулесі көмескі болса да, үміті мізді үзбейміз.
Дәл қазір біздің құрамамыз да жоғары жылдамдықта ойнай алатындығын көрсетіп жүр. Әрі ойыншыларымыздың көбісі 90 минутқа созылатын табан тірескен дүлей додаға шыдай алатындықтарын да паш етуде. Жалпы, Қазақстан ұлттық құра масының ойынына да, сапына да қан жүгіртіп, қарқынын үдетіп келе жатқан – чех маманы Мирослав Беранек. Тек фут болшыларымыздың бақтары үнемі жанып жүрген жоқ. Қуаныш пен сәтсіздік синусоида сызығындай әрлі-берлі тербеліп жүр. Әзірбайжанды жеңіп едік, бірақ Сирия ны тізерлете алмадық. Түзде Түркия ның зәре-құтын алып, жандарын мұрындарының ұшына келтіріп едік, өкінішке қарай, Әзірбайжан құрамасын тықсырып тұрып, жеңісті уысымыздан шығарып алдық. Яғни, футболшыларымыз көсіле сілтей алмай келеді. Не жетпейді, сонда? Халық аралық тәжірибе ме, өздеріне деген сенімділік пе? Мүмкін отандастарының ыстық сезімі жетпетін шығар? Үнемі сынап-міней бермей, демеп-жебеп отыру керек те болар. Ана мейіріміне зар тастанды баладай, жанкүйерлер сүйіспеншілігіне ие бола алмай жүрген жоқ па, осы?! Алысқа бармай-ақ қоялық, өз тобымыздағы Түр кия жанкүйерлеріне қарайықшы. Қалай өз футболшыларын демеп-жебеп, қамшылап отырады? Адам қызығады. Ал бізде футболшы да селсоқ, жанкүйерде селсоқ. Неге? Әлде мен қателесемін бе?
Жақында көпшілікке танымал футбол маманы, «Жетісу» клубының бапкері Асқар Қожабергеновтің сұхбатын оқыдым. Бірнеше жыл теңбіл доп додасының бел ортасында жүрген, қызығы мен шыжығына әбден сіңіп кеткен Асекең «жалпы, спорт деген өнерде ұлттық иіс аңқып тұрмаса, бәрі бекер» деген екен. Тамаша сөздер. Тебіреніп тұрып оқыдым. Әрі осындай салмақты сөздерді қымсынбай айтқаны үшін Қожабергеновке дән риза болдым.
Қай спорттың түрі болмасын, Қазақстан ұлттық құрамасы – бұл біздің құрама. Бізден басқа кімге керек? Намысымызды қорғайтын да осылар. Ал футболдан Қазақстан ұлттық құрамасынан әлгі ұлттық нышан байқала бастағандай. Қазір құрама сапында қазақ балалары көбейіп келді. Соған қуанамыз.
Айтпақшы… Астанадағы Қазақстан және Әзірбайжан кездесуінен кейін ұлттық құрамамыздың жеңісіне шаттанып тұрған быз. Сыртқа лауазымды тұлғалар төрінен басшылар шықты. Араларында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділ бек Жақсыбеков те бар. Екі-үш журналист жақындадық. Пікірін алып, газетке жазайық деп. Біздің айналсоқтап жүргенімізді байқап, өзі жанымызға келді. Сұрақтарымызға жауап берді. Сөз соңында «Аға рақмет, барлық құрама сапында қазақ балалары көбейіп келеді» дедім. Сол кезде Әділбек Рыскелдіұлы риза болып, «ал олар сенімімізді ақтап келеді, бәрі бірдей болмаса да. Көрдіңіз бе, Ұлан Қонысбаев қалай, аянбай жанталасуда. Жанын салады ғой. Жастардың арасында Самат Смақов та аянып жүрген жоқ» деді. Жүзі бал-бұл жа нып, әр сөздерін ерекше бір сезіммен айтқандай болды.
Кім біледі, мүмкін Асқар Қожабер геновтің «ұлттық иіс, ұлттық сезім» деп меңзегені осы болар. Егер осы болса, біздің футболымызда ол да бар сияқты. Ендеше, жеңіске те жетерміз, қуанышқа да кенелерміз. Ең бастысы, ұлттық болмы сымызды жоғалтпайықшы. Бәрі де бекер болмасыншы…
Бельгия құрамасы
қақпашылар – Симон Миньоле («Сандерленд», Англия), Тибо Куртуа («Атлетико» Мадрид, Испания), Оливье Ренард («Мехелен»);
қорғаушылар – Даниэль ван Бюйтен («Бавария», Германия), Венсан Компани («Манчестер Сити», Англия), Тоби Алдервейрелд, Ян Вертонген (екеуі де – «Аякс», Нидерланды), Николас Ломбартс («Зенит», Ресей), Лоран Симан, Себастьян Поконьоли (екеуі де – «Стандард»);
жартылай қорғаушылар – Мусса Дембеле («Фулхэм», Англия), Маруан Феллайни («Эвертон», Англия), Тимми Симонс («Нюрнберг», Германия), Стивен Дефур («Порту», Португалия), Аксель Витсель («Бенфика» Португалия), Эден Азар («Лилль», Франция), Дрис Мертенс («Эйндховен», Нидерланды), Йелле Фоссен («Генк»), Давид Хуберт («Генк»), Вадис Оджиджа-Офоэ («Брюгге»);
шабуылшылар – Ромелу Лукаку («Челси», Англия), Игор де Камарго («Боруссия» Мёнхенгладбах, Германия), Марвин Огунджими («Генк»), Бьорн Влеминкс («Брюгге»).
Нұрғазы Сасаев