"Мақтааралдың" 27-жастағы қорғаушысы Артем Розгонюк "Петрокуб" ойыншысы атанды.
Айта кетейік, Розгонюк түркістандық ұжымға дәл осы командадан келген болатын. ҚПЛ аясында өткізген 22 кездесуінде қорғаушы 2 гол салып, көзге түскен еді. Артем өз мансабында "Шериф", "Сперанца" және "Сфынтул Георге" командаларының намысын қорғаған.
Молдова ұлттық құрамасы үшін Розгонюк 13 рет алаңға шыққан.
Трансфермаркет футболшыны 250 мың еуроға бағалауда.
Біздің серіктес: FONBET