Жарнама
Жарнама

Ұлттық құрама жаңа киімде

23.02.2011, 18:45
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының ойыншылары тағы бір рет елді елең еткізгелі отыр. Олар Астанада күні кеше ғана фотосессия өткізді.

Немістің «Стоунз» деп аталатын компаниясы енді бұдан былайғы уақытта біздің құраманың жігіттерін костюм-шалбармен қамтамасыз ететін болады. Әрбір ресми кездесулерге Беранек баптайтын аяқдопшылар «Стоунз» компаниясының берген киімінде баратын болады.

Құрама сапында өнер көрсетіп жүрген Ренат Абдуллин, Аслан Дарабаев, Сергей Хижниченко және Александр Мокиндер неміс компаниясының киімдерін киіп, фотосессия да ұйымдастырып жіберді. Енді алдағы уақытта аталған маркалы киім үлгілері Қазақстан аумағында танымал болады деп күтілуде.

«Стоунз» компаниясы сондай-ақ Германияның «Бохум» футбол клубының, Чехия ұлттық құрамасының жіне де Чехияның теннистен ұлтық құрамасын өз өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Осы тізімге қосылып отырған біздің беткеұстар аяөдопшыларымыз жаңа киіммен жаңа табыстарға жете қойса жақсы ғой.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров