Жарнама
Жарнама

Ұлттық құрамаға бапкерлікке кім лайықты?

14.11.2013, 01:45
Жарнама
Жарнама

Delneri

Өткен жексенбіде футбол маусымы ресми түрде аяқталды. Чемпион белгілі, кубоктың иегері бар. 2013 жылдың жүлдегерлері мен жолы болмағандар анықталды. Әйтсе де, әлі шешімін таппаған бір мәселе қалды. Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін кім ұстайды?

Фарер аралдары мен Ирландиямен өткен кездесуден кейін, осы циклдың қорытындысы шыққаннан соң бас бапкердің ауысатыны туралы сөз қозғалды. Жеңілуден жалыққан жанкүйерлер тезірек бапкердің ауысуын қалағаны анық. М. Беранектің орнына кім болуы мүмкін? Әрине, Қазақстан футболында бір жағдайды болжап, оған баға беру қиындау. Мысалы, саяси жағдайға шолу жасайтын мамандар кімнің премьер, кімнің министр болып тағайындалатынын дәл тауып жатса, еліміз футболында ондай нақты кесіп-пішіп айтатындай болжам жоқ.

М. Беранектің өз еркімен жылы орнын тастап кеткеніне күмән көп. Федерация басшылары чех маманымен тағы бір жылға келісім-шартты ұзарта салуы да ғажап емес. Бәрін күтуге болады бұл күні. Әйтсе де, Беранектің кетуі 90 пайыз болып тұр. Баспасөзде ұлттық құрамаға италиялық маманЛуиджи Дельнери бапкер болады деген ақпарат жарқ ете қалды. Кезінде италиялық «Рома», «Палермо», «Кьево», «Аталанта», «Сампдория», «Ювентус» және португалиялық «Порту» командаларын баптаған Дельнеримен келісім сөздер жүргізілген. Бірақ, оның ешқайсысы да нәтиже бермеді. 63 жастағы жаттықтырушы Қазақстанды жаттықтырса, жағдайымыз жаман болмас еді деп есептеймін. Бірақ, шалғайдағы қазақ жеріне келуге шау тартқан маманның ынтасы болмаған секілді. Yuri Krasnojan Екінші кандидат – Юрий Красножан. Дельнериге қарағанда ол тіл біледі. Посткеңестік футболмен таныс Ресей маманы біздің құраманы өткен жылдан бері жағалап жүр. Тіпті, өткенде «Астана-Арена» стадионында «Астананың» ойынын көріп отырғандығын байқап қалдық. Қазақстан – Германия арасындағы кездесуде де стадионнан төбе көрсетті. Красножан жәй футбол тамашалап, қазақстанға қыдырып келмегені түсінікті. Бірақ, сонау наурыздан бері қаншама уақыт өтті. Ұзақ уақыт өткенін ескерсек, Юрийдің бүгін-ертең ұлттық құрама тізгінін ұстауы неғайбыл. victor kumikov Үшінші үміткер – Виктор КумЫков. Бұл кісінің фамилиясында екпін Ы әрпіне түседі екен. «Қазір өзгертіп, журналистердің қате айтқанын қайта-қайта ескерткім келмейді. Қалай кетті, солай жүре берсін деп шештім», – дейді Виктор Балютович. Ол «Шахтер» командасына бірнеше жыл бас бапкер болып, ел чемпионатын жеңді, кубоктың иегері атанды. Қазақстан футболы тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алып берді. Чемпиондар лигасында мықты қарсыластармен кездесіп, ел футболының абройын асқақтатты. Кубоктың финалынан кейін Кумыковқа ұлттық құрамаға бапкер болуға қалай қарайтынын сұрадық. Кумыков қарсы емес секілді. Бірақ оған әзірге федерация тарапынан ешкім хабарласпаған. Шамасы, егер шет елден бір маман табылмай қалса, Кумыковты қоя саламыз дейтін секілді. Оны көндіре алатындығына федерация 100 пайыз сенімді. Бізде құрама бапкерімен екі келісім-шарт жасалынады. Оның бірі заң аясында, нақты құжат ретінде болады. Екіншісі – кодекстен тыс. Мысалы, Леонид Пахомовтың жалақысы айына 8 мың АҚШ доллар еді. Одан кейін Шторк айына 60 мың доллар алды. Келісім-шартта көрсетілген айлықтың 50 пайызы ғана бапкерге нақты беріледі. Қалғаны орта жолда «салық» болып ұсталынады. Кәдімгі футбол клубтарының басшылары мен агенттердің ортасындағы қитұрқы әрекеттердің көшірмесі. Іс-сапарға барып, мемлекеттің берген ақшасын қонақүйде жаттым деп фискалды чек жасатып алып келгенімен бірдей. Ортасында белгіленген пайызын беріп кетесің. Өзіңнің де қалтаңда қомақты қаржы қалады. «Құда да риза, құдағи да тыныш». Елімізге соңғы кезде бір ресейлік мықты агенттің Қазақстан футболымен тығыз қарым-қатынас ұстаған. Соның нәтижесінде Пасулько, Тетрадзе, Протасов, Заваров секілді көптеген бапкерлер келіп-кетті. Соның бәріне федерация басшысы ықпал еткен еді. Бірақ, соңғы қауесет бойынша барлығын ұйымдастырып жүрген ел футболының тізгінін ұстаған бір азамат салық комитетінің құрығына ілініп, тірлігі былығып жатыр деседі. trener Міне, осы үш бапкерден бөлек құрама тізгінін ұстауға Байсуфинов («Ертіс»), Миодраг Божович («Ростов»), Красимир Балаков («Кайзерслаутерн»), Томас Шафф («Вердердің» бұрынғы бапкері) секілді мамандардың келіп қалуы әбден ықтимал. Жақын арада осы мәселенің беті ашылуы тиіс. Өйткені 23 ақпан күні Қазақстан құрама командасы 2016-жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесіне қатысады. Сол кезден бастап жаңа циклге дайындық жүруі керек. Франциядағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне 24 команда қатысады. Кәрі құрлықта осы күні 53 құрама бар(бұл тізімге Гибралтар құрамасы қосылды). Оның бесеуі – Андорра, Лихтенштейн, Сан-Марино, Люксембург, Гибралтар. Демек, 48 елдің мүмкіндігі мол. Соның тең жартысы, яғни 24-і финалдық кезеңге өтеді. Еуро доданың финалдық кезеңіне қатысуға қазірден бастап әрекет жасауымыз керек. Сондықтан, ұлттық құраманың тізгінін ұстайтын мықты бапкер табу міндетіміз.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров