Ұлттық құраманың 2023 жылғы ойындарын 245 мың жанкүйер тамашалаған

08.12.2023, 01:45

Қазақстанның Еуропа іріктеуіндегі кездесулеріне 245 578 фанат қолдау білдіру үшін келген.

Құраманың ең көп жанкүйер келген кездесуі “Паркен” стадионында өтті. Данияға қарсы сырт алаңдағы ойын 35 845 жанкүйердің тартысты матчқа келуіне сеп болды. Ал өзіміздің “Астана аренада” өткен Сан-Мариноға қарсы кездесуде 30 100 фанаттың назарын бір арнаға тоғыстырған нәтижелі ойындардың біріне айналды.

Қазақстанның өз алаңында өткізген 5 ойынына 144 396 фанат келген. Ал сырт алаңдағы өткізген 5 кездесуіне 101 182 жанкүйер өз командасын алға жетеледі.