Бүгін қызылордалық "Қайсардың" оқу-жаттығу жиынына Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қатысып, футболшылардың біліктілігін байқады.
Жалпы құраманың бапкерлік штабы Түркиядағы ел клубтарының жаттығу алаңына келіп, футболшылардың физикалық әлеуетін байқап, мәліметтер базасына енгізуде. Шараның аясында ойыншылардың жылдамдықтары мен төзімділіктері сынға түсті. Талғат Маруаұлы команда сапында қиындықтың жоқтығын айтып, тест нәтижесі сәтті болғанын жеткізді.
"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET