Жарнама
Жарнама

Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы маман тағайындалды

09.03.2022, 15:56
Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс.
Жарнама
Жарнама

Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын. Карпович өзінің клубтық мансабында «Елімай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ, ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнады.

Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызыл-Жардың» бас бапкері. Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров