Ұлттық құраманың тағы бір ойыншысы Ресейде доп тебеді

01.01.2020, 21:30

Жақында ғана "Қайратпен" арадағы келісім-шартын үзген Исламбек Қуат Ресей Премьер лигасында өнер көрсететін "Оренбург" командасының сапын толықтырды.

26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Алматы командасына дейін "Оқжетпес", "Ақтөбе", "Астана" секілді бірқатар ұжымдардың жейдесінде доп тепкен болатын. Ал ұлттық құрамада 31 ойында алаңға шығып, 4 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапқан.

Айта кететін жайт, "Оренбург" қазіргі уақытта Ресей біріншілігінде 18 турдан кейін 19 ұпай жинап, 14-ші сатыға табан тіреп тұр.