Жарнама
Жарнама

Ұлттық студент лигасының жаңа маусымы ашылды

20.04.2015, 03:21
Жарнама
Жарнама
Кеше Астана қаласындағы Назарбаев университетінің спорт орталығында ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіповтің қатысуымен «Көктем-Күз 2015» футболдан ұлттық студенттік лига ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.  
Турнирдің ашылу салтанатында ҚР БҒМ Аслан Бәкенұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, басты жаңалығымен бөлісті. – Ұлттық студенттер лигасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жылы бұл лигаға 26 команда қатысады. Астана және Алматы командаларымен қатар Қарағанды және Шымкенттен де қосылып жатыр. Ең басты жаңалық тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілген 3 команданың үздік ойыншыларынан құрама жасақтаймыз. Олар 2016 жылы Бразилияда өтетін студенттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болады, – деді Аслан Сәрінжіпов. Осыдан кейін ұлттық лига ресми түрде ашық деп жарияланды. Алғашқы матчта былтырғы чемпион Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы мен Тұран университеті кездесті. Бұл ойын 4:1 есебімен Еуразия студенттерінің пайдасына шешілді. Бірінші турда сондай-ақ Назарбаев университеті мен С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ және Қазақ гуманитарлық заң университеті жолықты. Енді, екінші турдың ойындары 2 мамырға жоспарланған. Айта кетейік, Өткен жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР футбол федерациясы арасында білім беру үйымдарында футболды дамыту жөніндегі өзара меморандум жасалынған болатын. Соның негізінде былтыр күзде алғаш рет Ұлттық студент лига құрылды. Астана және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының командалары қатысты. Елорда төрінде өткен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Алматыдан келген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасын жеңіп, чемпион атанған еді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров