Жарнама
Жарнама

Ұлыбритания үкіметі «Челси» мен оның қожайынына санкциялар тағайындады

10.03.2022, 22:16
Лондондық клубтың алдағы матчтарына жанкүйерлер қатыса алмайды деген ақпарат бар.
Жарнама
Жарнама

Ұлыбритания үкіметі ресейлік кәсіпкер және «Челсидің» қожайыны Роман Абрамовичке санкция тағайындап, лондондық клубты сатуына тыйым салды, деп хабарлады журналист Стивен Свайнфорд.

«Челси» футболға қатысты қызметті жалғастыру үшін арнайы лицензия алды. «Аристократтар» барлық жарыстарға қатысуын жалғастыра береді, бірақ клубты сатуға тыйым салынды.

Абрамовичтің Ұлыбритания үкіметінің «қара тізіміне» енгізілгенін беделді Reuters ақпарат агенттігі де растап отыр.

Санкцияға байланысты «Челси» клубы матчтарға арналған билеттерді сата алмайды. Яғни «Челсидің» өз алаңындағы матчтарына тек абонемент иелері ғана қатыса алады. Сондай-ақ лондондық клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге және командадағы футболшылармен келісім-шартты ұзартуға тыйым салынды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров