Жарнама
Жарнама

Ұлықбек Бақаев: Ендігі мақсат- "хет-трик" жасау

23.08.2011, 00:08
Жарнама
Жарнама
"Жетісудің" желкенін ұстаған сұрмерген Ұлықбек Бақаев талдықорғандық клуб тарихында  болмаған рекорд жасады. Бұған дейін ол Қазақстан біріншілігі тарихындағы ең үздік ойын өрнегін көрсеткен легионер деп танылса,  өткен аптада ол тағы бір тамаша жетістікке қол жеткізді. 14-шілде күнгі ел біріншілігіндегі кезекті кездесуде  Ұлықбек "Ертіске"  2 доп ұрып, осымен 16 голды қанжығасына байлады. Осылайша "Жетісулықтар" жетіп көрмеген тағы бір шыңды бағындырды. Сербиялық легионер Данило Беличтың  рекордын небәрі ел біріншілігінің 23-турында айналып өтті. - "Ертіспен" өткізген кездесуде  Данило Беличтың  рекордын жаңаңарту үшін барымды салдым, - дейді өз сөзінде Ұлықбек. – "Жетісулық" талай ойыншы жете алмаған жетістікке сіз жеттіңіз… - Бұл маусым мен үшін өте сәтті өтуде. Әзірге 16 гол салдым, бірақ осымен тоқтап қалғым келмейді. Ендігі мақсат- "хет-трик" жасау – Қазақстан біріншілігінде бір кездесуде үш гол салған кездеріңіз  болды ма? - Қостанайлық "Тобыл" сапында өнер көрсеткен кезімде "Шахтер қақпасын 3 мәрте тулаттым. Алайда ол 2006-жыл болатын. Асхат Жақаев Караван
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров