Жезқазғандық "Ұлытау" футбол клубының айналасында туындаған жалақы мәселесіне қатысты клуб басшылығы арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұған дейін БАҚ беттерінде жаттықтырушылар құрамы мен қызметкерлердің еңбекақысы кешіктіріліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.
Клуб өкілдерінің айтуынша, команданың бюджеті екі негізгі қайнар көзден құралады:
1. Мемлекеттік бюджет
2. Демеушілік көмек
Клуб тарапы мемлекет тарапынан бөлінген қаражаттың толықтай игерілгенін алға тартты. Яғни, бюджет алдындағы міндеттемелер толық орындалған.
Қазіргі уақытта қордаланып қалған берешектерді өтеу үшін демеушілермен келіссөздер жүргізілуде.
"Бюджеттік қаржыландыру бойынша міндеттемелер толық көлемде орындалды және бөлінген қаражат игерілді. Қолда бар қарыздарды демеушілік түсімдер есебінен жабу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда.” — делінген клубтың ресми хабарламасында.
Біздің серіктес: FONBET