Дмитрий Юсов - “Ұлытау” командасының қатарына қосылды.
32 жастағы шабуылшы өз мансабында “Металлург”, “Гранит”, “Дачия” Кишинев, “Слуцк”, “Торпедо” Жодино, Ислочь, БАТЭ, “Черноморец”, және “Униря Слабодзея” клубтарында өнер көрсетті.
Дмитрий соңғы рет румыниялық “Униря” ұжымында ойнады. Слабодзея командасында жалпы алғанда Юсов 22 ойын өткізіп, тек 1 голды өз атына жазды.
2014 жылы шабуылшы Украинаның U21 құрамына шақырту алып, онда барлығы 6 ойында 3 гол соқты.
Юсов “Ұлытау” ұжымына осыдан бірер күндер бұрын клубтан кеткен Николай Солодовниковтың орнына қосылды.
Біздің серіктес: FONBET