“Ақтөбе” шабуылшысы Идрис Умаев жаз айында ел құрамасына шақырту алуы мүмкін.
Футболшы Қазақстан құрамасының жейдесінде Армения мен Әзербайжанға қарсы кездесулерде төбе көрсетуі ғажап емес.
Қазіргі сәтте Умаев ел азаматтығын дәлелдейтін төлқұжатқа қол жеткізуде әрекет жасауда. Егерде құжатнама тұрғысынан барлығы дұрыс болса, Ыдырысқа Қазақстан құрамасының есігі ашық.
Шабуылшының әкесі Қазақстанда туылған. Сол себептен Ыдырыста ел азаматы болуына құқығы бар.
“Ақтөбе” клубында жүрген Умаев ҚПЛ осы маусымында өткізген 8 кездесуде 4 гол соғып, үздік сұрмергендер қатарында келеді.
Біздің серіктес: FONBET