Жарнама
Жарнама

“Универсидад де Чили” жанкүйерлері стадионда қанды қырғын жасады

21.08.2025, 16:00

Чилидің "Универсидад де Чили" мен Аргентинаның "Индепендьенте" клубтары арасындағы матч футбол тарихындағы ең жан түршігерлік оқиғалардың біріне айналды. Ойын трибунадағы қақтығыстардан кейін ақыры мүлдем тоқтатылды.

Жарнама
Жарнама

Чили жанкүйерлері Аргентиналықтарға бас салып, қолына түскеннің бәрін қару қылып қолданған. Олар стадиондағы әжетханаларды қиратып, плитаның сынықтарын қарсыластарына лақтырған. Сонымен қатар орындықтар, бетон сынықтары, темір таяқтар, тіпті тиындар да шабуыл жасау үшін пайдаланылды. Петардалар мен от тастағыштар қолданылып, трибуналарға от қойылды.

Трибуналарда жаппай төбелес басталып, қан-жоса болған және есінен танып қалған адамдар анықталды. Бір жанкүйер биіктен құлап, өміріне қауіп төнгені туралы да хабарланды.

Екі команданың капитандары жанкүйерлерді сабырға шақырып, бұл ессіздікті тоқтатуға тырысқанымен, нәтиже болмады. Стадион дикторы ойынды тоқтататынын ескертсе де бүлік басылған жоқ.

Нәтижесінде екінші таймның басында төреші ойынды толық тоқтатып, матч аяқталды деп жариялады.

Енді бұл оқиғаға қатысты соңғы шешімді КОНМЕБОЛ-дың тәртіптік комитеті қабылдайды. Дегенмен, Чилидің "Универсидад де Чили” клубы ауыр жазаға ұшырайтыны қазірдің өзінде анық болып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров