Жарнама
Жарнама

Уразбахтин: “Селтик” бізді бағаламады. Алматыда барлығы басқаша болады”

25.08.2025, 15:30

Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Селтикпен" болатын жауапты матч қарсаңында қарсылас жайлы пікір білдірді.

Жарнама
Жарнама

"Селтик” өте мықты команда, жоғары деңгейдегі клуб. Ондағы әр ойыншының құны, бәлкім, бүкіл біздің команданың бағасындай шығар. "Селтиктің" кез келген футболшысы біз үшін қауіп төндіреді. Олардың шабуыл шебі жылдам әрі қауіпті, ортасы мықты, орындаушылық шеберлігі жоғары. Қауіп барлығынан да келеді. Олар нағыз жоғары деңгейлі футболшылар.

 

Мүмкін, Глазгода олар бізді сәл бағаламаған шығар, бірақ енді басқа оймен алаңға шығады. Қазір команда айналасында белгілі бір негатив бар, бірақ олар мұндай жағдайға үйренген жоғары деңгейлі ойыншылар.” — деді Уразбахтин

Еске салсақ, алғашқы матч Глазгода 0:0 есебімен аяқталған. Жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров