Жарнама
Жарнама

Урош Ненадовичтің голы «Таразға» жеңіс сыйлады

31.07.2021, 03:21
Матч ортасында жарық сөніп қалғандықтан, ойын біраз уақытқа тоқтап қалды.
Жарнама
Жарнама

"Тараз" Қазақстан Кубогінің төртінші турында "Атырау" клубын минималды есеппен жеңді. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Кездесудегі жалғыз гол 55-минутта соғылды. Арман Нүсіптің қақпа маңына қарай асырған пасына бірінші болып жеткен Урош Ненадович командасына жеңіс сыйлады.

Төрт ойында тоғыз ұпай жинаған жамбылдық клуб В тобында көш басына шықты. Бір ғана ұпайы бар "Атырау" ең соңғы орында қала берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров