Жарнама
Жарнама

Уругвай Боливия құрамасын сенімді түрде жеңді

25.06.2021, 13:42
Уругвай Америка Кубогіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама

Боливия құрамасы Америка Кубогінің топтық кезеңінің төртінші туры аясында Уругвай құрамасына есе жіберді. Кездесу Куябадағы «Арена Пантанал» стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Уругвай құрамасы 40-минутта Карлос Лампенің автоголынан кейін есепте алға шықты. 79-минутта Эдинсон Кавани өз командасының екінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды.

Осы турнирдегі алғашқы жеңісіне қол жеткізген Уругвай құрамасы турнир кестесінде 4 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Боливия құрамасы өз кезегінде бірде-бір ұпай жинай алмай, соңғы орында қалды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров