Әлемдік рейтингте 16 орында тұрған ұжым Өзбекстанға қарсылас атанады.
Уругвай футбол Қауымдастығы ел құрамасының 10 қазан күні Доминикан Республикасы, 13 қазан күні Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізетінін хабарлады.
Матч Малайзияның Малака және Куала-Лумпур қалаларында өтпек.
Әлем чемпионатына дайындық барысында бақылау кездесулерін өткізетін Өзбекстанға қарсы бізде ойнауымыз мүмкін еді. Алайда бапкері нақтыланбаған ұжымның бізге қойған жоспарын ысырып тастауына мәжбүр болды.
Алдағы уақытта елдің футбол Қауымдастығы Уругвайдан бөлек, әлемде салмағы бар қарсыластармен жолдастық матч өткізу бойынша келіссөздер жүргізбек ниетте.
Біздің серіктес: FONBET