Жарнама
Жарнама

Уругвай. Үшінші чемпиондыққа қол жете ме?

03.06.2014, 21:40
Жарнама
Жарнама

1950 жылғы Әлем чемпионатының финалдық ойыны Рио-де-Жанейро қаласында жаңадан соғылған «Маракана» стадионында өтті. Көпшілік бұл ойында алаң иелері жеңіске жетеді деп күтті. Бірақ, кубокты осы құрлықтағы ең кіші мемлекеттің бірі жеңіп кетті. Кішкентай ғана аумағы бар көршілес жатқан мемлекеттің ұлттық құрамасы өз деңгейінен артық ойнап, отанына жеңіспен оралды. Уругвай Бразилия жерінде өткен бірінші Әлем чемпионатында чемпион атанған команда. Осы күндері бұл команда Америка кубогының иегері. Дегенмен де Әлем чемпионатына бұл ұжым ең соңғы болып жолдама алды. Соңғы 3 онжылдықта Уругвай құрамасы Әлем чемпионаттарына үзбей қатысып келеді. Ал оның алдында бұл команда әлемдегі таңдаулы құрамалардың бірі еді. Команда жейдесіндегі 4 жұлдыз уругвайлықтардың 2 олимпиада мен 2 әлем чемпионатында чемпион болғандықтарын айқындайды. 1970 жылы Уругвай жартылай финалға шығып, Бразилияға жеңілді. 1950 жылы кеткен есені бразилиялықтар осы ойында қайтарып кетті. 

Луис СУАРЕС

Уругвай адамдары әлем чемпионатының маңыздылығын толықтай түсінеді. Оның үстіне биыл бұл жарыс Бразилияда өтетіндіктен, маңыздылық екі есе артты. Тарихта болған қос құраманың ойындары да біраз сыр шертеді. Бірақ, ол заман өткен. Біз жаңа тарихты жазамыз.

Оңтүстік америка құрлығында тек бір ғана мемлекетте ғана адам саны Уругвайдан аз.
Мемлекеттегі халық саны 3,4 миллионды құрайды.
Және соның тең жартысы ел астанасы Монтевидео қаласында өмі сүреді.
Әлем чемпионатында чемпион болған құрамалар арасында Уругвай халқы ең аз мемлекет.
Уругвай секілді ең кіші мемлекетте адамдар үлкен заттарды жасауға құмар.
Эмилио Аренас ең үлкен қарындаш коллекциясының иегері. ол кісі 16260 дана қарындаш жинап үлгерген.…
2008 жылы Уругвайда ең үлкен тамақ пісірілді. 1250 аспазшы 12 тонна сиыр етін қуырды.
1930 жылы Уругвай ең бірінші Әлем чемпионатын өткізді де, өзі сол турнирдің жеңімпазы атанды.
Ал ең сәтсіз ойыны 1986 жылы тіркелді. Ол кезде оңтүстікамерикалықтар Даниядан 1:6 есебімен жеңіліп, өз топтарынан шыға алмай қалды.
Уругвайдағы ең танымал клубтар – «Пеньяроль» және «Насьональ».
2010 жылы Форлан Әлем чемпионатының үздік футболшысы атанды. Бұл турнирге Оскаром Табарес шәкірттері плей-офф сатысынан шыққан еді. Дей тұрғанымен жарыс соңында Уругвай 4 орын алды. Ал топ ішілік ойында олар алаң иелерін 3:0 есебімен ұтты. Диего ФОРЛАН Уругвай Әлем чемпионы болған кезден бері қаншама уақыт өтті. Оңтүстік Африкада біз сол елдің командасын ұтқанымызда мен бір гол соқтым. Біз сол ойынды өте тамаша өткіздік. Матчтың өзі көрген көзге көрікті өтті. Диего ГОДИН Отанға оралғанда елдегілер бізді әлем чемпиондарындай күтті. Бұл футболшылар үшін де, күллі команда үшін де баға жетпес бақыт болды. Жанкүйерлерден дәл мұндай дайындықты күтпеген едік. Төбеміз көкке екі елі жетпеді. Олардың сол кездегі қолдауы бізге қанат бітірді. Оскар ТАБАРЕС Уругвай – футбол мәдениетіне бай мемлекет. Жергілікті тұрғындар футболдың өмірлерінің бір бөлшегі деп біледі. Олар стадионға келіп жанкүйерлік етумен шектелмейді. 75-жастағы апалар мен 7 жасар баланың футболға деген қызығушылығы бірдей. Ұлттық құраманың әр ойыны олар үшін мемлекеттік маңызы бар дүние. Оңтүстік Африкадағы сәтті өнерден кейін Уругвай жемісті ойындарын одан әрі жалғастырды. Келесі жылы команда Америка кубогын жеңді. Боливия мен чилиді ұтқаннан соң Уругвай құрлықтағы командалар рейтингісінде алғашқы орынға көтерілді. Дей тұрғанымен, 2012 жылы команда ойыны алға баспады. Мүмкін болған 18 ұпайдың олар тек екеуін ғана алды. Диего ФОРЛАН Бұл турнирдің оңай болмайтынын о баста білдік. Біздің іріктеу жарысымыз өзге құрлықтағыларға ұқсамайды. Ерекше. Бүкіл командамен кездесіп шығасың. Ұзақ ұшасың . Алыс қашықтықтар, шаршатып, қажытады. Кейбір жерде табиғатта өзгеше. Бірде ойпатты жерде, бірде таулы аймақтағы стадиондарда доп тебесің. Оның барлығы кері әсерін береді. Ал Еуропада барлығы тамаша. Бәрі бір біріне жақын. Табиғаттары да бірдей. Уругвай құрамасы Оңтүстік Американың чемпионы ретінде 2013 жылғы Конфедерация Кубогына жолдама алып, 1/2 финалға дейін жетті. Луис СУАРЕС Федерация Кубогында біз Бразилиядан ұтылдық. Менің ойымша біздің жолымыз болмады, негізі ол матчта жақсы ойнағанбыз. Әйтсе де футболда мұндай жәйттар болып тұрады. Жеңілістеріне қарамастан Уругвай құрамасы іріктеу ойындарының қалған төрт кездесуінде жеңіске жетіп, плей-оффта Иорданиямен жолықты. Диего ЛУГАНО Біз бұл ойындарға жіті дайындалдық. Егер де біз ұтылғанымызда онда 110 жылдық тарихы бар Уругвай футболы үшін үлкен сын болар еді. Іріктеу ойындарында тобымыздан шыға алмай қалғанның жарасы жеңілдеу әрине. Ал ең соңғы маңызды матча жол беру - катастрофа. Оскар ТАБАРЕС Мен өзімді Әлем чемпионатына бара алмай қаламын деп мүлдем ойламауға тырыстым. Бұл командаға негативті әсерин тигізер еді. Бақытымызға орай олай болмады. Конфедерация Кубогында біз 2010 жылы көрсеткен ойынымызды қайталадық. Уругвай құрамасы Аммандағы кездесуде 5 гол салғаннан кейін өз тарихында 12-ші рет мундиальге баратын сенім пайда болды. Диего ЛУГАНО Қайткен күнде де біз Әлем біріншілігіне барамыз. Бразилияға барар жол өте ұзақ әрі ауыр болды. Көрші елдегі мундиальге баратынымыз үшін өте бақыттымыз. 1990 жылы Табарес Әлем чемпионатында ұлттық құраманың бапкері болған. Кейін клубта бапкерлік қызметке ауысады. Ал 2006 жылы Әлем біріншілігінің және Конфедерация Кубогының жартылай финалына дейін жеткізеді. Кристиан РОДРИГЕС Ол өз ісінің шын шебері. Барлығы да біледі оның қандай тәжірибиесі бар екендігін. Бірнеше жылдар бойы ол құрама бапкері болып келеді. Түрлі клубтарды жаттықтырды. Соның өзінде ол өте қарапайым күйінде қала берді. Табарес 4-3-3 сызбасын ұстанады. Өйткені оның командасында шабуыл өтінде мықты ойнайтын футболшылар жеткілікті. Тіпті, кейде ол 3 қорғаушымен де ойнады. Лугано немесе Годинге көбірек сенім артады.  Голкипер Фернандо Муслерада өте тәжірибиелі. Әрине, қорғаушылар кей-кейде сын садағына ілініп жатса да оларды құтқарып кететін тамаша шабуылшылар бар. Олардың қатарында Луиса Суарес, Эдинсон Кавани мен Диего Форлан секілді шоқ жұлдыздар бар. Оскар ТАБАРЕС Мен команданы түрлі жарысқа дайындап жатқанымда ең алдымен шабуыл шебіне н еш күмәнданбаймын. Суарес, Кавани, Форлан, Абель Эрнандес және Стуани секілді футболшылаға сенуге болады. Команданың негізгі тактикасын құрған кезде сол тамаша шабуыл шебіне қорғаныстағылар да өз міндетін жақсы атқарып, көмегін тигізетіндей қыламын. Команда капитаны Лугано құрама жейдесін ең алғаш рет 2006 жылы киді. Ал 2010 жылғы Әлем чемпионатынан кейін ол үздік капитан деп танылды. Диего ГОДИН Диего ол команданың ішкі және сыртқы істеріне жауапты адамдардың бірі. Ол алаңдағы бапкердің қызметін атқарады. Командада барлығы сағат тілімен бірдей жүргенін қалайды. Команданың әрқашан жақсы ойнағанын қалайды. Біздің жақсы нәтиже көрсетіп жанкүйерлер алдында абройлы болуымыз үшін мұндай капитанның маңызы жоғары. Жігіттердің барлығы бірлікте, ынтымақта болғаны дұрыс. Өйткені барлығымыз бір бағытта жылжып бара жатқан кеменің ішіндеміз. Диего ЛУГАНО Мен мықтымын ба, өзгелерден кеммін бе оны білмедім. Менің бір білетінім - мен өзі жұмысыма тыңғылықты қарауым керек. Уругвай ұлттық құрамасының капитаны болу мен үшін үлкен жауапкершілік әрі аброй. Команда жазда Бразилиядағы Әлем чемпионатында ойнаған кезде көпшіліктің қырағы көзі шабуылшы Луис Суареске түседі. Оңтүстік Америка құрлығының іріктеу сынының ең үздік бомбардирі биыл сондай-ақ өз клубында да тамаша өнер көрсетуде. Осы күні шабуылшы ұлттық құрама үшін өте маңызды ойыншылардың бірі. Луис СУАРЕС Ешкім де бізге жеңісті бере салмайды. Сондықтан да шығар мен кез-келген ойында жеңіс үшін соңына дейін ойнаймын. Бұл менің қалыптасқан жеке мінезім деп ойлаймын. мен әр ойынды осындай көңілмен өткіземін. Диего ГОДИН Луис – кәдімгі қарапайым уругвайлық. Ол жігіт өте қатал және қызуқанды. Ол үнемі бәсекелескенді ұнатады. Жеңіске жетуге деген жігері керемет. Ол өзге футболшылардан осы қырының арқасында ерекшеленеді деп ойлаймын. Суарес және оның командасы уругвайлық жанкүйерлердің қолдауына тапшы болмайды. өйткені мыңдаған уругвайлықтар шекарадан ары өтіп, бразилиядағы доп додасына барары анық. Уругвай D тобына түсті. Мұнда Италия мен Англия – секілді қос еуропалық және Орталық Америкадан Коста-Рика құрамасы бар. Өзінің алғашқы ойынын олар Форталезе қаласында өткізеді. Кезінде бұл жер жәй кішігірім ауыл болатын. Ал осы күні халық тығыз шоғырланған ірі қаланың бірі. Бразилияның солтүстік-шығысындағы туристтер көп келетін қаланың бірі. Мұндағы алғашқы ойын Уругвай мен Коста-Рика арасында 14 маусым күні өтеді. Одан кейін стадион топтық кезеңнің 3 ойынын, 1/8 финал мен ширекфиналдың бір ойындарын қабылдайды. Уругвай доданың бұрынғы екі жеңімпазымен ойнайды. 19 маусым күні Сан-Паулуда Англияға қарсы шықса, араға бес күн салып уругвайлықтар Натал қаласында Италиямен күш сынасады. Диего ЛУГАНО Менің ойымша біздің топ өте ауыр болатын секілді. Бірақ, бұл топ бір жағынан ең мықты топ болып саналуы да мүмкін. Біз үшін бұл баға жетпес бәсеке. Жанкүйерлер үшін де, біз үшін де өте қызық болмақ. Топтық кезеңді артқа тастауға тамаша мүмкіндік бар. Италия, Англия және Коста-Рика құрамаларының да алға қойып отырған мақсаттары осы. Уругвай осы топтан шығып, жарысты ары жалғастырса, онда трофейге таласуға тамаша мүмкіндік алады. Кристиан РОДРИГЕС Мен командаға сенемін. Біз Америка кубогында өз деңгейімізді көрсеттік. Қандай халде екенімізді өзіміз де, жанкүйерлер де көрді. Дәл қазір біз құрлықтың ең үздік командасымыз. Сондай-ақ конфедерация кубогынде де осал ойнамадық. Мен Уругвайдың чемпионаттың жарыс жолында соңына дейін бара алатынына сенемін.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров