Олар Найк Лигада өнер көрсететін “Тренчин” ұжымына ауысуы мүмкін.
Азия Кубогынен кейін Қырғызстан командасының U23 санатында үш футболшысы “Треничинге” ауысады деген ақпарат бар. Атап айтсақ, Нурсултан Токтоналиев, Автандил Дуйшоев және Кайрат Абдирасулов. Бұлардың барлығы қазірде “Мурас Юнайтед” клубына тиесілі.
Айта кетейік, осы жылдың қыркүйек айынан бері "Тренчинде" отандасымыз Шахмырза Адырбеков өнер көрсетіп келеді. 19 жастағы жартылай қорғаушы словакиялық клубтың 10 матчының 3 қатысып үлгерді. Бірақ әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.
Рикардо Моньез баптайтын команда бүгінде Найк Лигада 16 ұпайымен турнир кестесінде 9 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET