Бресттік "Рух" клубының спорттық директоры Сергей Присяжнюк Белоруссия чемпионатының жаңа маусымында команданың үш матч бойы тең ойнауына байланысты егіс алқабына барып жұмыс істегенін айтты.
"Иә бұл шындық. Біз егіс алқабына бардық. Аздап жұмыс істеп, таза ауамен тыныстадық. Бұл біздің командалық шешім болды. Жігіттер мені қолдады. Біреулер шіркеуге барады, шам жағады, бірақ біз егіс алқабына бару туралы шешім қабылдадық.
Ойыншылардың ешқайсысы қарсы болмады. Бұл бүкіл команданың идеясы. Легионерлер әдеттегідей әрекет етті. Олар команданың бір бөлігі. Сіз бұған дейін осындай нәрсе жасадыңыз ба? Жоқ, бұл бірінші рет. Егер келесі матчта жеңіске жетсек, онда бұл әрекетіміз өз пайдасын тигізді деп есептеуге болады", - деп келтіреді Присяжнюктің сөзін By.tribuna.com сайты.
Айта кетейік, "Рух" осы егіс алқабына барғаннан кейінгі "Ислочьпен" болған ойында жеңіске жетті (1:0).
Біздің серіктес: FONBET