Жарнама
Жарнама

Үш ойын үш соққы…

11.10.2024, 12:06

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сырт алаңда Аустрияға қарсы өткізген ойынына футбол комментаторы Уәлихан Қосанбай өз пікірін білдірді.

Жарнама
Жарнама

Түнде футболдан Қазақстан құрамасы Аустриядан 0:4 есебімен жеңілді. Ойынды өздеріңіз де көрген шығарсыздар. Ойын жоқ, тактика нашар демей-ақ қояйын. 

Менің байқағаным - біздің футболшылар қарсылас қақпасының қайда екенін ұмытып қалған сияқты. Ұлттар лигасында біз 3 ойын өткіздік. Осы үш ойында бірде-бір гол соқпадық. 

Гол былай тұрсын, Норвегия, Словения, Аустриямен өткен ойында біздің футболшылар қарсылас қақпасына тура 3 ғана соққы жасапты. 

Сонда футболшыларымыз не ойнап жүр? Тек қана допты өз алаңымызда ұстай ма? Мұндай қарқынмен біз қашан гол соғамыз?

Айта кетейік, Аустрия – Қазақстан арасындағы ойын 4-0 есебімен аяқталған болатын. Ұлттық құрама келесі кездесуін 13 қазанда Алматыда Словенияға қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров