Жарнама
Жарнама

Ұшты, ұшты “Қайрат” ұшты – Әуеде ең көп уақыт өткізген команда

28.11.2025, 11:25

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі қорытындыланғаннан кейін Алматылық "Қайрат" турнирдің ең көп қашықтықты артта қалдырған команда атанбақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Дядя Ваня телеграм арнасының мәліметінше егер тек тікелей әуе қашықтығын есептесек, “Сары-Қаралар” осы уақытқа дейін 71 200 шақырымды артқа тастады (баруы мен келуі бірге).

29 қаңтарда олар Лондонның "Арсеналына" қарсы сырт алаңда ойнайды. Бұл сапардан кейін клубтың жалпы жүріп өтетін жолы 82 400 шақырымға жетпек.

Алматыдан Астанаға ұшатын қос рейсті де есепке қоссақ (9 желтоқсандағы "Олимпиакосқа” қарсы матч және "Брюггемен” ойынға дайындық барысындағы сапар), жалпы қашықтық тағы 3 880 км-ге артады.

Осылайша, “Қайраттың” 2024/25 жылғы Еурокубок маусымында ең кемі 86 260 шақырым жол жүруі күтіліп отыр. Бұл — экватор бойымен жерді екі рет айналғанға пара-пар қашықтық.

Жолаушылар ұшағы орташа есеппен 750–800 км/сағ жылдамдықпен ұшқанда, мұндай қашықтықты шамамен 115–120 сағатта, яғни 4,8–5 күнде ғана еңсерер еді.

Теориялық тұрғыдан қарағанда, “Қайратты” ең көп ұшатын команда рейтингінде шетке ығыстыра алатын жалғыз клуб — Әзірбайжандық "Қарабақ”. Агдам командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде 7 матч өткізіп, 54 660 шақырым жол жүрмек. Бірақ “Қайратты” басып озу үшін "Қарабақ" финалға дейін жетуі керек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров