Жарнама
Жарнама

Усман Дембеле бұрынғы әдетіне қайта басты

07.12.2020, 02:15
Дембеле Эден Азармен жарысып жатқан секілді.
Жарнама
Жарнама

"Барселона" шабуылшысы Усман Дембеле жарақат алды, деп хабарлайды каталондық клубтың ресми сайты.

Медициналық тексерістен кейін белгілі болғандай, 23 жастағы француз футболшысының оң жамбасы зақымданған екен. Дембеленің қалпына келу уақыты туралы хабарланған жоқ.

Осы маусымда Дембеле Испания чемпионатының 7 матчына қатысып, 1 гол соқты. Ойыншының "Барселонамен" келісімшарты 2022 жылы 30 маусымда аяқталады. Transfermarkt порталы французды 50 миллион еуроға бағалап отыр.

Бұған дейін каталондық клубтың шабуылшымен келісімді ұзартуға ниетті екендігі хабарланған еді. "Барселона" 10 ойында 14 ұпай жинап, Ла Лиганың турнирлік кестесінде 8-орында тұр. Сайыстың көшбасшысы - "Атлетико Мадрид" (26 ұпай).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров