Алекс Фергюсон «МЮ»-дан белгілі бір футболшыны клубтан жіберсе, онда ол ойынышының карьерасы биік шыңдарға жетеді Мысалға, оның ішінде Криштиану Роналду. Біз сіздерге Ферги бастаған «Юнайтед» клубынан кейінгі футбол ғұмырында белестерді бағындырған топ-10 футболшылардың есімін ұсынбақшымыз.
10. Давид Белльон.
Өнер көрсеткен жылдары: 2003-2005
«МЮ»-дағы карьерасы: «Сандерленд» клубынан жанжалмен шығып кеткен Белльон «Манчестерде» жарытып бір ойын көрсете алмады. Тек, Ағылшын Лигасының Кубогінде 19 секундта «Арсенал» қақпасына гол соғумен есте қалды.
«МЮ»-дан кейін: «Вест Хэмде» арендада жүріп, «Ниццаға» да ойнап үлгерді. Өзінің ең сәтті маусымын 2008 жылдың көктемінде «Бордоға» өткізеді. Алайда, келесі чемпиондық маусымда Гуркюфф, Шамах, Кавенагилерге басекелестік таныта алмай, қосалқы құрамадан отырудан басқа амал таппады.
9. Клеберсон
Өнер көрсеткен жылдары: 2003-2005
«МЮ»-дағы карьерасы: Бразилия құрамасымен 2002 жылғы әлем чемпионы, командадағы ветеран Веронды ауыстырады деп жарнамаланды. Клеберсон қымбат футболшы деп саналмағанымен, премьер-лиганың иісін сезбей жатып, екінші ойында ауыр жарақат алады. Содан кейін ол бұл клубта небәрі 30 ойын өткізеді. «Манчестерде» жүріп, ұлттық құрамаға шақыртылмай қалады.
«МЮ»-дан кейін: Клеберсон түркиялық «Бешикташ» клубмен келісім-шартқа қол қойып, онда 2 жыл мардымсыз өнер көрсетеді. Ақыры, өз еліне «Фламенгоға» кетіп, жақсы нәтижелерге көрсетіп, Дунга бастаған ұлттық құрамаға шақырту алады.
8. Фил Невилл
Өнер көрсеткен жылдары: 1994-2005
«МЮ»-дағы карьерасы: «Юнайтедтің» бұрынғы капитаны Гарри Невиллдің інісі, өз карьерасының көп бөлігін екінші құрамада өткізгенімен, жеңіп алатын титулдардың барлығына қол жеткізген.
«МЮ»-дан кейін: «Эвертонға» кеткеннен кейін Филл өз орнымен қатар, ойын өрнегін де табады. Онымен қоса команданың капитаны болады. Мерсисайдтық клубта ешқандай титул бұйырмаса да, Дэвид Мойес пен жанкүйерлердің көзайымына айналағандығы рас.
7. Карлос Тевес
Өнер көрсеткен жылдары: 2007-2009
«МЮ»-дағы карьерасы: «Вест Хэмдегі» сәтсіздіктен кейін, «Олд Траффордқа» келуі жырға айналып кете жаздады. «МанЮнда» алғашқы маусымын керемет өткізіп, келесі чемпионатта Бербатовтың келуімен сүреңсіздік танытты.
«МЮ»-дан кейін: «Юнайтедтен» кеткенімен алысқа ұзай қойған жоқ, ол «Манчестер Ситимен» 5 жылдық келісім-шартқа отырды. Соңғы кездегі жан-жалдан кейін командағы қайта оралатын болды. Карлостың өмірі де, ойыны да әлі алды.
6. Джузеппе Росси
Өнер көрсеткен жылдары: 2005-2007
«МЮ»-дағы карьерасы: «Парма» мектебінің түлегі «Манчестердің» болашақ жұлдызы ретінде қарастырылды. Ол көбінесе жастар құрамасында, «Ньюкасл» мен «Пармада» арендада жүрумен болды. Сэр Алекс одан келешектегі перспективасын көре алмады.
«МЮ»-дан кейін: «Вильяреалға» өтісімен, бұл клуб үшін 3 маусыда, 45 рет мергендік танытып, Италия ұлттық құрамасына шақырту алған болатын.
5. Дион Даблин
Өнер көрсеткен жылдары: 1992-1994
«МЮ»-дағы карьерасы: Ең мықты ағылшынның орталық форварды «Олд Траффордқа» келуі, қасқырдың апанына түскенмен тең болды. Көп ұзамай ауыр жарақат алуына байланысты оның орнын француз Эрик Кантона иеленді. Бірақ, ол лазаретте жатып-ақ АПЛ-дің алтын медаліне қол жеткізеді.
«МЮ»-дан кейін: «Конвентри» сапында премьер-лиганың ең үздік сұрмергені атанады. «Астонн Виллада» 3 мачта 7 доп соғумен ерекшеленіп, «Лестерде» жақсы ойын мәнерімен танылып, ал «Селтикте» чемпиондық дубілдің иегері болады. Соңғы, әрі тұған клубы «Норвичте» ең үздік футболшы атанып, жанкүйерлер мен төрешілердің шексіз қошеметіне бөленеді.
4. Тим Ховард
Өнер көрсеткен жылдары: 2003-2007
«МЮ»-дағы карьерасы: Бартездың орнына келіп, ісін жақсы бастаған. Чемпиондар лигасында «Портудан» өткізіп алған добы, абыройынан айрандай төгеді. Ал, ең жаманы «Олд Траффордқа» ван дер Сардың келуі болды.
«МЮ»-дан кейін: Мойестің көзіне түскен Ховард «Эвертонның» негізгі қақпашысына айналады. Қазіргі таңда да жарқын ойынымен жанкүйерлерді тәнті етуде.
3. Пол Макграт
Өнер көрсеткен жылдары: 1982-1989
«МЮ»-дағы карьерасы: Бұл футболшы тек бір-ақ рет 1985 жылы Англия Кубогін ұтып алған кезде, ең үздік ойыншы атағын алып көзге түсті. Кейінгі жылдары, жарақаттармен, бапкермен келіспеушілігімен, алкоголизммен өтті.
«МЮ»-дан кейін: «Астон Виллаға» өтіп, оның аңызына айналып та үлгереді. 1994 жылы Англия Кубогінің финалында «Юнайтедтен» кегін қайтарып, чемпион атанады.
2. Херард Пике
Өнер көрсеткен жылдары: 2004-2008
«МЮ»-дағы карьерасы: «Барселонаның» тумасы «Манчестерде» жас болса да, көңілге жағымды статистикасымен қуантты. Аренда да, қосалқы құрамада жүрсе де, өзінің еңбекқорлығымен ерекшеленді. Тек, Видич, Фердинанд, Кэррик сынды қорғаушылардың көйлеңлерінен шыға алмай жүрді.
«МЮ»-дан кейін: «Ноу Кампқа» ауысуымен бұл жігіттің тасы өрге домалады, «Олд Траффордта» жеңіп алмаған белестерді бағындырып, ұлттық құрама сапына ілініп, әлем чемпионы атанады. Одан басқа, жеке өмірінде әйгілі әнші Шакираның жүрегін жаулап алады.
1.Диего Форлан
Өнер көрсеткен жылдары: 2002-2004
«МЮ»-дағы карьерасы: Форланды «МанЮнның» жанкүйерлері қаншалықты жақсы көрседе, 98 мачта 17 доп соққан уругвайлыққа мұндай нәтижесімен ұзаққа бармайтындығы түсінікті болды. Оның үстіне, Нистелрой мен Рунидің шабуыл шебіндегі ойыны Фергюсонды қанағаттандырды.
«МЮ»-дан кейін: 278 мачта 145 доп соғып, бұл бір жағынан «Вильяреал» мен «Атлетикоға» тиімді болып тұр. Алайда, екі «Пичичи» мен екі «Алтын бутсасы» испан чемпионатында алған басқа жүлделермен тең келмес. Қазіргі таңда «Интерде» еш нәтиже көрсете алмай жүр.
Абзал Сулеймен