Жарнама
Жарнама

Үздігіміз – Ұлан Қонысбай

24.12.2011, 00:24
Жарнама
Жарнама

Қазақ елі біріншілігінің маусым қорытындысы шықты. Мамандар тарапынан жоғары баға алған отыз үш футболшының есімдері атанды. Өткен чемпионаттың үздік ойыншысы да белгілі болды. Дауыс беру нәтижесінде Қарағанды «Шахтерінің» жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаевтың шоқтығы биіктеді. Құтты болсын. Ел аяқдобындағы болашақ серкелер туралы сөз қозғағанда Ұланның аты-жөні алдымен ауызға ілінеді. Қапталдан қарсыласын бүріп жіберетін ұшқыр жігіттің допты жусатып, өргізуі де керемет. Кез келген жерден соққы жасайтын әбжілдігі мен алға ұмтылған сәтте әркімді де әбігерге салатыны оның шеберлігіне өлшем. Мінезі де жақсы. Тілші ретінде әңгімеге тартсаңыз, ағынан жарылады.

Бірнеше рет сөйлестік. Сыпайы. Лап ете қалмайды, ойланып барып жауап береді. Тілі майда. Кейде «қыршып» алады. Алла қаласа, қазақ футболының көшін бастауға бел байлайды. Рас, шеберлігін шыңдай түссін, дегенмен Ұлан бәйгеден келген күні мақтауды іркіп қайтеміз. Қазақ жанкүйерлері Қонысбаевтарды іздеп жүр ғой. Осы жолы да әңгімеге тартпақ болып едік «Шахтер» командасымен Түркияда жаңа маусымға қызу дайындық үстінде жүр екен. Есесіне, баласы үшін үйінде тақымын қысып отырған әкесі Әбиірбек Қонысбаевпен байланысқа шықтық.

– Ассалаумағалайкүм Әбиірбек аға, Ұланның жеңісі құтты болсын! – Уағалайкүмассалам, қуанышымызбен ортақтасқаныңа көп рахмет. – Ұланды жеңісімен құттықтап үлгерген шығарсыздар? – Әрине. Ұлым «Үздік ойыншы» атанды дегенде біз жанұямызбен Қарағандыға бардық. Сол жерде Ұланды марапаттау рәсіміне де қатыстық. Кеш барысында маған да сөз берілді. Ал, жиын біткесін біз ұлымызға жете алмай қалғанымыз бар. Жан-жақтан жанкүйерлермен тілшілер қаптап кетті. Жұрт шамалы басылған соң, бізде Ұланмен суретке түсіп, құттықтап қайтқан болатынбыз. – Бүгінде Ұлан «Шахтер» сапында оқу жаттығу жиынын өткізіп жүр. Онымен хабарласып тұрасыздар ма? Орталарыңызға қашан оралады? – Хабарласып тұрамыз. Кеше ғана телефон арқылы байланыстық. Жаттығулары ойдағыдай болып жатқанын айтты. Бұйыртса, 30 желтоқсан күні үйге келмек. Сол кезде бізде бүкіл отбасымызбен жиналып, жаңа жылды бірге қарсы алмақпыз. – Ұлыңыз доп тебуді қай кезден бастады? – Жалпы, біз отбасымызбен спортқа жақынбыз. Ұланның ағасы Думан жастайынан дойбы, шахмат ойнап Қазақстанның түкпір-түкпірін аралады. Кейін футболға әуестене бастады. Ағасына ерген Ұлан да кішкентай кезінен доп қуалап өсті. Ұланның шын мәнінде мықты аяқдопшы болатынын байқаған ағасы Думан, оны тұрғылықты жеріміздегі футбол үйірмесіне алып барды. Міне, осылай ұлым футболдағы алғашқы қадамдарын бастаған болатын. Ол алдымен «Тараз» командасының екінші құрамында ойнады. Кейін «Астана» командасында тер төкті. Ал биыл «Шахтердің» қатарында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанып, «Үздік ойыншы» атағын жеңіп алып отыр. Соның бәрін анасы екеуміз қарап отырып, кейде қуаныштан көзімізге жас келеді. – Аға, жуырда Ұланның қайта «Астана» командасына ауысатыны туралы біраз әңгіме шыққан еді. Бұл жөнінде не айтасыз? – Иә. Оны теледидардан да, газеттерден де оқып-біліп жүрмін. Бірақ келер жылы ұлым «Шахтер» командасынан кетпейді. Қарағандылық командамен жаңа маусымды бастап, чемпиондар лигасында өнер көрсету үшін жатпай-тұрмай дайындалып жатқан жайы бар.

Сұхбаттасқан Уәлихан ҚОСАНБАЙ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров