Жарнама
Жарнама

Үздік ойыншы атағы кімге бұйырмақ?

08.12.2011, 00:59
Жарнама
Жарнама

Жыл сайын үздік футболшыға берілетін дәстүрлі “Алтын доп” жүлдесінен биыл Криштиану Роналду, Хави және Лионель Месси үміткер. Өзге әріптестерінен қарағанда едәуір көп дауыс жинаған үздік үштіктің біреуіне 9қаңтар күні Цюрихте өтетін салтанатты кеште “Алтын доп ” жүлдесі табыс етеледі. Өткен жылы мәртебелі сыйға ие болған Лео Месси биыл да топ жаруы ғажап емес. Сондай-ақ жыл бапкері номинациясы бойынша Хосеп Гвардиола, Жозе Моуринью және Алекс Фергюсон үштігі дара шығып отыр. Ал әйелдер арасында бірнеше жыл қатарынан үздік футболшы атанып жүрген бразилиялық Марта Виейра Силва тағы да үміткерлер қатарында. Бірақ биылғы жыл оның орынын Жапония құрамасы сапында әлем чемпионы атағын жеңіп алған Хоморе Сава басатын түрі бар. Сондай-ақ осы кеште әйгілі венгриялық футболшы Ференц Пушкаш атындағы сыйлықтың иегері де анықталмақ.

Құрметті оқырман! Сіздердің ойларыңызша, жоғарыдағы үштіктің қайсысы мықты? Пікір жазыңыздар.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров