Футбол тақырыбына қалам тартып жүрген тілшілер арасындағы биылғы жылдың үздіктері анықталды. Өткен апта аяғында Қазақстан футбол одағының (ҚФО) Алматыдағы кеңсесінде қаламы жүйрік жеті журналист марапатталды. ҚФО-ның вице-президенті Сейілда Байшақовтың қолынан жүлде алғандар арасында Нұрғазы Сасаев пен Талғат Садықов бар. Бұл жігіттердің есімдері қалың оқырманға жақсы таныс. «Айқын» газетінде ұзақ жылдар еңбек еткен Нұрғазы бұл күндері «Алаш айнасында» бөлім меңгерушісі қызметін атқаруда. Талғат «Литердің» спорт бөлімін басқарады. Олар тек футбол туралы ғана емес, спорт саласының өзге де түрлері бойынша талай тартымды мақалалар жазып жүр. Сонымен қатар Әзиз Оразбаев («Алаш айнасы»), Константин Харламов («Қазмұнайгаз» ҰҚ-сы баспасөз қызметі), Сайын Ермағамбетов («Новое поколение»), Максим Карташов («Экспресс К») және Әлішер Абдулин («Капитал») сынды әріптестеріміз марапатталды. Оларға футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының экипировкасы табыс етілді.
Біздің серіктес: FONBET