Жарнама
Жарнама

ҮЗДІКТЕР

06.01.2012, 22:00
Жарнама
Жарнама

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Футбол әлеміде 2011 жылды қорытындылауды жалғастыруда. Әр ел өзінің мықты аяқтопшыларын таңдауда. Баршамызға аян, біздің еліміздің де үздігі анықталды. Ол  – Ұлан Қонысбаев. Осы орайда біз Африка, Азия, Австралия мен Кәрі құрлықтың бірнеше елдерінің үздігін жариялап отырмыз.

Қара құрлықтың мықтысы - Яя Туре

Ағылшындық «Манчестер Сити» командасының намысын қорғайтын Яя Туре 2011 жылғы африка континентінің үздік ойыншысы атанды. Кот-Д-Ивуар құрамасының жартылайқорғаушысы бұл атаққа Гана астанасы Аккра қаласында өткен салтанатты жиын ие болды. 28-жасар Яямен жоғарыдағы атақ үшін, «Марсель» шабуылшысы Андре Айю және каталониялық «Барселонаның» орталық жартылайқорғаушысы Сейду Кейта таласқан. Осы континент құрамаларының бас бапкерлері мен техникалық директорлары қатысқан дауыс беру қорытындысы бойынша Туре оза шыққан. Айта кетейік, «Анжи» шабуылшысы Самуэль Это'О бұл жолы үздік үштіктің де қатарына енбеген.

Сонымен, жылдың үздік бас бапкер  атағын Нигерия құрамасының жаттықтыратын Харуна Доула иемденсе, Ботсвана құрамасы ең үздік команда атанды. Азияның серкесі - Сервер Джепаров

Өзбекстан құрамасының ойыншысы – Сервер Джепаров – Азия құрлығының 2011 жылғы ең үздік ойыншысына берілетін марапатқа ие болды. Осымен Сервер екінші мәрте Азияда үздік деп танылып отыр. 29-жастағы жартылайқорғаушы бүгінде Біріккен Араб Әмірлігінің «Әль-Шабаб» командасында өнер көрсетеді. Өзбек жігітінің футболдағы ғұмырын 2000 жылы «Намангам» сапында бастаған. Содан 2002-2007 жылдар аралығында ташкенттік «Пахтакор», кейіннен «Бунедкор» сапында тер төккен. Алғашқы рет Джепаров 2009 жылы «Бунедкор» сапында жүріп Азияның үздігі атанған болатын.

Австралия мықтысы - Маккэй

Шотландиялық «Рейнджерс» сапында өнер көрсететін Мэтт Маккэй Австралия құрлығының 2011 жылғы үздік ойыншысы атанды. Бұл таласта 28-жасар жартылайқорғаушы 329 ұпаймен «АЗ» ойыншысы Брет Холмэн (194 ұпай), «Эвертон» жартылайқорғаушысы Тим Кэйхилді (185) артқа тастаған.  Олардан бөлек бұл атаққа тоғыз түрлі біріншіліктен жиырма екі ойыншы қатысқан. Оның ішінде ардагер ойыншы Люк Уилкшир де болған.

Францияның беткеұстары - Бензема  

"France Football"  журналы мадридтік «Реалдың» орталық шабуылшысы Кәрім Бенземаны 2011 жылғы үш жолақтылардың үздік ойыншысы деп таныды. Тілшілер мен футбол мамандарының дауыс беру қорытындысы бойынша Кәрім каталониялық «Барсаның» қорғаушысы Эрик Абидальдан озып шығыпты.

Вучинич Черногория үздігі

 

Туриндік «Ювентус» командасының орталық шабуылшысы Мирко Вучинич Черногорияның 2011 жылғы ең үздік ойыншы деп танылды.  Дауыс беру барысында Мирко 86 ұпай жинап, 33 ұпай жинаған Стеван Йоветович пен «Манчестер Сити» сапындағы Стефан Савиятаннан ат бойы озып шыққан. «Мен үшін бұл үлкен құрмет. Өтіп бара жатқан жыл жемісті әрі жеңісті болды. Иә. Әрине, Черногорияның Еуро додасынан тыс қалғаны мұңайтады. Дегенмен, біз алға жылжуды жалғастыруымыз керек. Бразилиядағы 2014 жылғы Әлем біріншіліге жолдама алуға тырысамыз», - деп қорытындылады. Австрия алыбы - Алаба

Мюнхендік «Баварияның» сенімін ақтап жүрген, жас жартылайқорғаушы Давид Алаба 2011 жылғы Австрия елінің мықты ойыншысы атағына ие болды. Бұл тартыста 19-жасар «Аустрия» ойыншысы Насер Бараците және «Штутгарт» шабуылшысы Мартин Харникті артта қалдырыпты.

«Алаба әр ойында жаңа нәрселер үйреніп, тынымсыз еңбек етіп жүреді. Бұл оның келешекте мықты ойыншы болады деген  сөз» - дейді мюнхендіктердің бас бапкері Юпп Хайнкес. Ибрагимович рекорд жаңартып, өз елінің үздік ойыншысы атанды

Италиялық «Миланның» орталық шабуылшысы Златан Ибрагимович алтыншы рет Швецияның үздік ойыншысы атанып, жаңа рекордтық көрсеткіш көрсетті.

Бұл елде үздіктерді 1946 жылдан бастап анықтап келеді. Дегенмен, бұл атақты екі мәртеден артық ешкім иеленбеген. Ал, Златанға бұл атақ қатарынан бесінші жыл бұйырып жатқан жайы бар. «Мен бұл жерге бірнеше рет көтерілгенмін. Келесі жолы тағы келсем не айтарымды да білмеймін. Командаластарым, жаттықтырушыларым және отбасыма үлкен алғыс білдіремін. Оларсыз мен мұндай атаққа жетеуім екіталай еді» - деді, кеш барысында 30-жасар шабуылшы.

Өз кезегінде Швеция біріншілігінің үздік ойыншысы деп «Хельсинборг» жартылайқорғаушысы Мэй Малангу танылса, үздік легионер атаған «АИК» орталық қорғаушысы Александр Милошевич иеленді.

Перт Чехте Чехияның алты дүркін үздік ойыншысы

Лондондық «Челси» командасының бағанасын күзетуші Петр Чех осымен алтыншы мәрте Чехияның үздік ойыншысы атағына лайық болып табылды. Дауыс беру барысында екінші орында тағы бір лондондық  «Арсеналдың» жартылайқорғаушысы Томаш Росицки болса, үшінші орында «Виктория Пльзен» командасының капитаны Павел Хорват.

Венгрия үздігі Джуджак

Нидерландының «ПСВ» ұжымының жартылай қорғаушысы Балош Джуджак Венгрияның үздік ойыншысы атанды. Венгрия футбол ассоциясының ұйымдастырылумен өткен дауыс беру қорытындысы бойынша, Джуджак 142 дауыспен «Фулхэм» жартылайқорғаушысы Золтан Гераны (88 дауыс) артта қалдырды. Айта кетейік, бұл атаққа 2004 және 2005 жылдары Гера лайық деп танылған.

Левандовски – Польшаның үздік ойыншысы, «Легия» - үздік командасы

Дортмундық «Боруссияның» орталық шабуылшысы Роберт Левандовски Piłka Nożna журналы және Польша Футбол Федерациясының дауыс беру қорытындысы бойынша 2011 жылдың үздік ойыншысы деп танылды.  Өткен жылы Роберт  өз командасының чемпион болуына бірден-бір үлес қосты. Ал бұрнағы күні польшалық шабуылшы 10 рет нәтижелі соққымен көзге түскен. Ал, «Жыл жаңалығы» ретінде «Арсеналдың» жас қақпашысы Войцех Щесны иемденді, «Жыл командасы» «Легияға» бұйырды, үздік бапкер атағын Мацей Скоржа өзімен алып кетті.

 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров