«Қайрат» клубының 37 жастағы бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав Премьер-лиганың 22-турында «Шахтермен» болған ойында (1:1) жарақат алды.
«Қайрат» жасаған шабуылдардың бірінде «Шахтердің» қорғаушысы Абдель Ламанж бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавты шалып жықты, ал бас төреші Александр Гаузер қорғаушыға сары қағаз көрсетті. Алматылық клубтың шабуылшысы алаңнан зембілмен кетуге мәжбүр болды.
Ойыншының жарақатының ауырлығы туралы ақпарат жоқ. Вагнер Лавтың келесі ойындарға қатысуы екіталай.
Естеріңізге сала кетейік, алматылық «Қайрат» 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01:00-де «Базельмен» ойнайды. Конференция лигасының топтық кезеңіндегі бұл ойын швейцариялық клубтың стадионында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET