"Қайраттың" шабуылшысы Вагнер Лав Vesti.kz сайтына берген сұхбатында оның алматылық клубтан кетуі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін шабуылшының «Қайраттан» кетуі туралы қауесет тараған еді, одан бөлек Вагнер «Ақтөбеге» қарсы матчқа қатысқан жоқ. Бұл футболшы үшін алматылық клубтағы соңғы маусым екені де хабарланған болатын.
«Бүгінге дейін біз бұл туралы сөйлескен жоқпыз, менің қазіргі бар ойым - тобықтан алған жарақатымнан тез айығып, алаңға оралу. Бізді әлі алда маңызды ойындар күтіп тұр.
Бапкер болу? Мен әлі бұл туралы ойлаған жоқпын, өйткені мен тағы бірнеше жыл ойнағым келеді. Мен өзімді жақсы сезінемін, физткалық жағдайым да жаман емес. Қазіргі уақытта мені жаттықтырушы болу қызықтырмайды», - деді Бразилия құрамасының экс-шабуылшысы.
Біздің серіктес: FONBET