Жарнама
Жарнама

Вахид Масудов: «Қазақстанға оралу Қуат үшін кері қадам болмайды»

05.08.2020, 19:51
Вахид Масудов Қуатты РПЛ-де қалады деп сенеді.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен ҚПЛ клубтарының бұрынғы бас бапкері Вахид Масудов Ресейдің премьер-лигасындағы "Оренбургтың" бұрынғы ойыншысы Исламбек Қуаттың клубтан кеткені дұрыс шешім болды деп есептейді.

«Қуаттың "Оренбургта" жолы болмады, басты себебі ауырып қалғандықтан. Команда ойнап жүргенде оның қалпына келуі қиынға соғады. Соңғы матчтарда ол ойнаған жоқ, тіпті ойынға шақыртылмады. Әрине, егер Исламбек клубын өзгертсе, бұл оған жақсы әсер етеді деп ойлаймын. Оның мінезі де бар, оған Орынбор ұнаған шығар, және ол өзінің бір нәрсеге лайық екенін дәлелдегісі келеді.

Егер Қуат Қазақстанға оралуды ұйғарса, бұл ол үшін кері қадам болмайды. Қалай болғанда да, ойыншы ойнауы керек. Егер сіз ол жерге барып, жарқырай алмасаңыз, онда, әрине, осында оралып, қолыңыздан не келетінін дәлелдегеніңіз жөн. Ол футбол ойнай алады», - деді Масудов.

Еске салайық, 27 жастағы Қуат 1 қаңтарда "Оренбург" ойыншысы болды және үш матчта алаңға шықты - "Крылья Советовпен" (1:1), "Арсеналға" қарсы (1:0) және "Спартакқа" (1:3) қарсы ойын өткізіп, екі сары қағазға ие болды. Маусым соңында «Оренбург» соңғы 16-орынды иеленді және Ресей Премьер-лигасынан шығарылды.

Үлкен үзілістен кейін Қуат мүлдем алаңға шықпады - футболшы коронавирус жұқтырып алды.

Бұған дейін Қуаттың «Динамоға» ауыса алатындығы туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, Волгоградтың «Ротор» және «Ахмат» клубтары Қуатқа қызығушылық танытқаны туралы да хабарланды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров