Жарнама
Жарнама

Вайсстарға психологтың көмегі керек

Кешегі пенальтилер сериясынан кейін ашуға бұлыққан  қарсылас капитаны Владимир Вайсс өз командасының келесі еурокубоктік ойыннан шет қалатын болды. 

Жарнама
Жарнама

Кеше “Қайрат” Чемпиондар Лигасының 3 іріктеуінің қарымта кездесуінде “Слованды” пенальтилер сериясы бойынша жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды (1:1 матч, пенальти 3:4).

Қызықтың барлығы “Қайраттың” жеңісті жасыл алаңда тойлау барысында басталды. Бұрыштамаға жиылып, айқайға салған алматылықтарға алаң иелері жанкүйерлері трибуналардан бөгде заттарды жаудырды. Одан тағысы, жеңілісті мойындай алмаған капитан Владимир Вайсс бас төреші Бенуа Бастьеннің көзінше, “Қайрат” қызметкерінің аяғынан тепті. Нәтижесінде ойыншы алаңнан тыс әрекеті үшін қызыл қағаз алды. 

Осылайша, “Слован” Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде өз капитанысыз қалады. 

Айта кетейік, бұл командалар арасындағы алғашқы ойында футболшының әкесі Владимир Вайсста төреші тарапына ауыр сөздер айтып, эмоциясын бақылауда ұстамағаны үшін келесі ойыннан шеттетілген болатын. Оның орнына команданы келесі матчқа көмекші Борис Китка дайындады. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: