Жарнама
Жарнама

"Валенсия" өз алаңында "Барселонаны" 14 жылдан кейін жеңді

26.01.2020, 04:11
Жарнама
Жарнама

"Валенсия"-"Барселона" 2:0

Гол авторлары: Альба 48 мин (автогол), М. Гомес 77 мин.

"Месталья" стадионы (45 882 жанкүйер).

Ла Лиганың 21-туры аясында "Валенсия" өз алаңында "Барселонаны" қабылдап, 3 ұпайға қол жеткізді.

Осылайша, Альберт Саладес баптайтын команда Каталон клубын өз алаңында араға 14 жыл салып ұтып отыр. Соңғы рет "Валенсия" 2006-2007 жылы 2:1 есебімен жеңген еді.

Кике Сетьен "Барселона" бас бапкері ретінде 2-ойынында жеңілді. Алғашқы ойында Испания Кубогі жолында түзде "Ибица" командасынан 1:2 басым түсіп еді.

Тағы бір қызықты жайт. 48-минутта Макси Лопестің соққысынан кейін Жорди Альба өз қақпасына гол соғып алды. Opta Sports хабарлауынша, испаниялық қорғаушы "блауграна" жейдесінде 4-рет автогол соғып отыр. Бұл "Барса" тарихындағы ең нашар көрсеткіш.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров