Жарнама
Жарнама

Валерий Громыко: Дастан Сәтпаевпен бір бөлмеде тұрамын

03.09.2025, 18:56

«Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко алматылық команда сапындағы ең жас футболшылардың бірі Дастан Сәтпаев жайлы пікірін білдірді.

Жарнама
Жарнама

— Өте талантты футболшы. Шынымды айтсам, оның 17 жасындағыдай дарынды ойыншыны көрмеппін. Оның үстіне Сәтпаевтың өзі де өзіне көп нәрсе берілгенін жақсы түсінеді. Болашақта бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін. Егер мықтырақ чемпионатқа ауысып, сол жерде бейімделуде қиындықтарға тап болмаса, ең жоғары деңгейде ойнай алады деп ойлаймын. Ең бастысы - оның өз-өзімен көп жұмыс істеп жатқанын көріп жүрмін. Біз база ішінде бір бөлмеде бірге тұрамыз ғой, – деді футболшы.

Айта кетейік, Беларусь құрамасының ойыншысы Валерий Громыко алматылық команданың сапына 1 жыл бұрын ауысып келген еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: