«Қайрат» футболшысы Мадридтің «Реалы» тарапынан айтылған ұзақ қашықтыққа ұшуға қатысты наразылыққа пікір білдірді.
— «Реалдың» клубтық арнасы алыс сапарға наразы болды деп естідім. Барлығы корольдік клубқа қарсы дегендей… Бірдеңе сондай оқығанмын. Шынымды айтсам, мұндайға қалай реакция білдіруді де білмеймін. Қазақстанды картадан ешқайда жылжыта алмаймыз ғой. Біз де мыңдаған шақырым ұшып, «Селтикке» қонаққа бардық. Ұзақ жолды еңсеріп, 90 минут бойы төтеп бердік. Біз не істей аламыз?» — деді футболшы.
Сондай-ақ ол қай клубты қарсылас ретінде көруді қалағанын айтты:
— «Бұған дейін бір сұхбатымда «Барселонаны» қарсылас болғанын айтқан едім. Қалғаны маңызды емес. Себебі бала кезден каталондықтарға жанкүйермін».
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы ойын 30 қыркүйек күні Алматы қаласында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET