Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы және "МЛ Витебск" клубының жаңа ойыншысы Валерий Громыко өз отанына оралу себептері мен алдағы жоспарлары туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Sport5.by порталына берген сұхбатында ол мансабындағы бұл бетбұрыстың астарын түсіндірді.
Футболшының айтуынша, оның алдында Түркия клубтарына ауысу мүмкіндігі болған. Алайда ол саналы түрде "МЛ Витебск” клубын таңдаған.
"Түркия туралы ақпарат шындық. Бірақ "МЛ Витебск" басшылығымен сөйлескеннен кейін, дәл осы командаға ауысу керек деген шешімге келдім. Еурокубоктарда өзімді көрсете алдым, ал менің қазіргі жағдайымды білмейтін жандардың мені кінәлауға қақысы жоқ." — деді Громыко.
Журналистердің "Арсеналғаl қарсы голдық пас шығарып жүріп, Беларусь чемпионатына оралуыңыз таңсық емес пе?” деген сауалына ойыншы салмақты жауап берді. Ол Aлматылық клубта қалған күннің өзінде жағдайдың қатты өзгермейтінін алға тартты.
Громыконың айтуынша, "Қайрат” та, оның қазіргі клубы да іріктеу кезеңін бірінші раундтан бастайды. Сондықтан турнирлік деңгейде айтарлықтай айырмашылық жоқ.
"Қайраттың” жетістігіне кезінде ешкім сенбегені сияқты, енді "МЛ Витебск” сапында да таңғалдырарлық нәтиже көрсетуге болады деп есептейді.
Валерий жаңа клубындағы жаттығу процесіне жоғары баға берді. Ол бас бапкер Михаил Мартиновичтің жұмыс әдістері өзіне таныс екенін атап өтті.
"Қазір мені кезінде өзім қарсы ойнаған адамдар жаттықтыратын жасқа келдім. Бұл — қызық тәжірибе.” — деп түйіндеді футболшы.
Біздің серіктес: FONBET