«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Валерий Громыко ЧЛ 2-турында «Реалға» қарсы матч туралы ойын айтып, алматылық клубтың мақсат-міндеттерімен бөлісті.
ҚПЛ чемпионы кеше 8-тур ойынында «Жеңісті» жеңіп (3:1) көш басына шықты.
«Қазір біз біраз үзіліс аламыз. Ойынды шегергені жақсы болған («Жетісуға қарсы 27-қыркүйекте). Психологиялық әрі физикалық тұрғыда біраз тынығып, демалатын болдық. Меніңше, дәл қазір бүкіл жүкті арқамыздан тастаймыз. Бір-бірімізден де демалатын шығармыз, сондықтан барлығы жақсы болады. Чемпиондар Лигасына шықтық, негізгі міндетімізді орындап алдық, сол себепті ешқандай қобалжу да жоқ. Қазір тек ойыннан ләззат алып жүрміз. Бізде ешқандай қысым жоқ. «Реал» бізге келгенде қысымды солардың өзі сезінеді деп есептеймін», - деді В. Громыко.
«Қайрат» - «Реал» кездесуі 30-қыркүйекте өтеді.
Біздің серіктес: FONBET