Беларусь легионері Қостанай командасына қарсы қалай ойнау керектігін біледі.
28 жастағы жартылай қорғаушы кеше ішкі чемпионаттың 18-турында “Тобыл” қақпасына жеңісті голдардың бірін соқты. Беларусь легионеріне Дастан Сатпаев голдық пас шығарып берді.
Айта кетейік, маусымның басында Валерий дәл осы “Тобыл” командасына 6-тур аясында гол соққан еді. Ол кезде жартылай қорғаушыға Жоржиньо керемет пас берген болатын.
Громыко өткен маусымда Қайсар сапында жүргенде де “Тобылға” тыныштық бермеген. Оның нәтижелі әрекетінің арқасында қасқырлар ішкі чемпионаттың 10-турында жеңіске жетті.
Осылайша, беларусь легионері Қостанай ұжымына қарсы өткізген соңғы 3 ойында 3 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET