Қызыл сойқандардың жаңа ойыншысы Ван де Бек "Реал Мадридпен" келісімшартқа отыру керек болған. Бұл жөнінде 23 жасар голландиялықтың агенті Шак Сварт айтты.
- Ван де Бекке қызығушылық танытып отқан "Реал", "Барса", "Арсенал", "Ювентус" секілді клубтар өте көп болды. Содан наурыз айында Донни мен королдік клуб ауқымды трансфер жөнінде келісіп қойған болатын. Бірақ пандемия күшейгесін барлығы басқаша болып кетті. "Реалға" табыс аз түсіп, трансфер туралы әңгіме сол жерде аяқталды, - деді Сварт.
Еске салайық Ван де Бек пен "МЮ" күні кеше бес жылдық келісімшартқа отырды. Трансфер құны 45 млн еуро. БАҚ мәлімдемесі бойынша голландиялық енді жылына 6 млн еуро табыс табатын болады.
Біздің серіктес: FONBET